Қазақстан • 13 Қаңтар, 2021

Токиода Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары ұсынылды

16 рет көрсетілді

Қазақстанның Жапониядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапонияның сарапшылар тобы мен БАҚ өкілдері үшін ҚР Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижелері туралы онлайн-брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Іс-шара қатысушылары сайлау қорытындыларымен, сондай-ақ сайлау науқаны және Қазақстандағы дауыс беру үдерісі туралы ақпаратпен таныстырылды.

Жапон сарапшылары 2021 жылы Жапонияда парламенттік сайлау өткізу күтілетінін ескере отырып, COVID-19 індеті жағдайында өткен Қазақстандағы сайлауды мұқият қадағалағанын атап өтті.

Қазақстанды зерттеу жөніндегі сарапшылар қоғамының төрағасы, «Рицумейкан» университетінің құрметті профессоры Кэй Карасава Қазақстандағы демократиялық реформалардың қарқынын жоғары бағалап, жалпы сайлаудың табысты өтуімен құттықтады.

Орталық Азия елдері бойынша сарапшы Кае Янагисава саяси партиялар кандидаттары тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытып, осы тақырыптың жапон қоғамы үшін өзектілігін атап өтті.

Жапондық сарапшылардың пікірінше, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қызметі Қазақстандағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 11:42

Биатлоншылардың бағы жанбады

Спорт • 22 Қаңтар, 2021

Бірнеше облыста жол жабылды

Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021

Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды

Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021

Ұқсас жаңалықтар