Қоғам • 13 Қаңтар, 2021

Жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеке кәсіпкерлікті  www.egov.kz порталы, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank  банк қосымшалары арқылы ашуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

Бұдан былай қазақстандықтар Halyk Bank мобилді қосымшасында іске асырылған жаңа сервистің көмегімен  үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады.  Осыған дейін бұл хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жіберу мүмкіндігі болған.

Хабарламаны Halyk Bank қосымшасында бірнеше батырмаларды басу арқылы жіберуге болады. Ол «ЖК болу» сілтемесі бойынша өтсе жеткілікті. Одан кейін жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды.

Ескере кететін жайт, нысанды толтыру кезінде жеке тұлға қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, жеке кәсіпкердің атауын, мекен-жайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауы керек.

Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек.

Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.

Соңғы жаңалықтар