Медицина • 13 Қаңтар, 2021

Дәрі-дәрмектердің бағалары төмендетілді

658 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде дәрі-дәрмектердің шекті бағалары төмендетілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Дәрі-дәрмектердің бағалары төмендетілді

Денсаулық сақтау министрі өзінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы «Бөлшек және көтерме саудаға арналған дәрілік заттың сауда атауының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Атап айтқанда, балаларға арналған дене қызуын түсіретін «Адвантан», «Азитромицин», «Аксетин», «Аспирин», «Дексаметазон», «Парацетамол», «Ибупрофен», «Гепарин», «Нурофен» және басқа да бірқатар дәрілердің бағасы төмендетілді.

«Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде үнемі ескерілетін нәрсе ол – баға мен сапа. Бізде дәрі-дәрмектердің сапасын қадағалайтын арнайы ұйым жұмыс істейді.

Осыған орай тіркеу барысында компания дәрінің сапасын растайтын құжаттар себетін ұсынады. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігі дәлелденген», деді Фармация комитетінің өкілі.  

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді. Нәтижесінде, еліміздің барлық өңірінде дәрі-дәрмектің бағасы бірдей болмақ.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ