Жол – көлік оқиғасы салдарынан екі автокөліктің жүргізушілері мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болған, екі жолаушы медициналық мекемеде жантәсілім етіпті. Қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән – жайы анықталуда.