Бүгін Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінде күйші Аққыздың гипстен соғылған мүсіні сақтаулы тұр. «Күйші мүсінінің авторы – Ақтоғай өңірінің суретшісі Жомарт Ибраев. Ал жәдігерді мұражайға 2008 жылы Әбдірахманова деген әйел кісі тапсырған деген дерек бар», дейді музейдің бас қор сақтаушысы Асыл Ихашова.
Күйші Аққыздың мүсінін жасауға суретшінің достары Қажыкен Күлтейбайұлы мен Шәкизат Молдашева себепкер болған екен. Жомарт Ибраев достарының өтінішін қабыл алып, мүсінді 1989-1990 жылдар аралығында жасап шығарған.
Күйші бюсті дайын болғаннан кейін, автор белгілі себептермен Алматыға қоныс аударған да, туыстары мүсіннен көз жазып қалған. Арада біраз жылдар өткеннен кейін ғана бюст табылып, музей төрінен орын алды.
Қарағанды облысы,
Балқаш қаласы