Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым.

Тәуелсіздік – ұлттық құндылықтарымыздың ұлығы, алаш жұртының азат ел екенін әлемге айғақтайтын қасиетті ұғым. Тәуелсіздік жылдары еліміз тұрақтылықты, халықтың ауызбіршілігін іргетас етіп қалап, бірлігі бекем ел ретінде алға қадам бастық. Әлемге бейбітшіліктің жаршысы, игі істердің бастамашысы ретінде танылды. Ұлт татулығы, ұлыстар бірлігі әлемге үлгі болды. Бұл біздің тәуелсіздік жолында жеткен үлкен жетістігіміз.
Осы мақалада Президентіміз: «Биыл әйгілі Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек. Біз жыл соңына дейін жаңа тарихымыздағы бірнеше айтулы оқиғаның мерейлі белесін атап өтеміз» деген сөзі еліміздегі барша желтоқсан ардагерлері мен олардың отбасыларына зор қолдау болды.
«Жылы сөз жанға шуақ, бойға қуат сыйлайды» деген тегіннен тегін айтылмаса керек. Сонымен қатар мақалада өткеніміз бен келешегіміз туралы толғанарлық талдау, болашақта бағамдар байыпты бағыттар сілтегендей әсер береді. Биылғы жылдары атқарылатын ауқымды жұмыстар мен тың бастамалардың басында тұрған Президентіміздің серпінді сергек ойы ел жұртшылығына тыңнан күш бергендей болды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау» үшін «тамырымызды берік сақтауға» бағдарлы бағыттар көрсетеді. «Мәдени мұра» бағдарламасын жалғастыру, «Наурыз» мерекесін жаңа сипатта, жаңаша үлгіде жан-жақты насихаттау – ел ертеңі жастарға жүктелген маңызды қадам. Бұл байыпты бастамаларға желтоқсан ардагерлері ретінде біз де қолдап, қуаттап қосыламыз. Тәуелсіздік туын нық ұстаған отандастарымызға айтарымыз, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Біз үшін тәуелсіздік – бәрінен де қымбат!
Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ,
Созақ аудандық «Желтоқсан ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Түркістан облысы,
Созақ ауданы
Депутаттар неге тәртіпке бағынбаған?
Аймақтар • Бүгін, 17:10
Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр
Білім • Бүгін, 16:55
Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға қарай жүргізіледі
Қазақстан • Бүгін, 16:42
Украина азаматы ұшақта темекі шеккені үшін жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 16:41
«Барыс» - «Йокерит» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі
Хоккей • Бүгін, 16:40
Қызылордадағы дария деңгейі тұрақты бақылауда
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Теңіз кенішінде 72 жұмысшы коронавирус жұқтырды
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Томас Мильц: Автокөлікті таңдау процесі электронды ортада жүзеге асырылуы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:32
Дмитрий Медведев Назарбаевты құттықтады
Елбасы • Бүгін, 16:30
Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Елбасы • Бүгін, 16:11
Қытайда коронавирустық инфекцияның тағы бір ошағы анықталды
Әлем • Бүгін, 16:10
Түркістан облысында қыз ұзату тойын ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:04
Жазбаша келісім талап етеді: Коронавирусқа қарсы вакцинадан қауіп бар ма
Медицина • Бүгін, 16:01
Шығыс Қазақстанда оқушылар қалай оқып жатыр?
Білім • Бүгін, 15:57
Елімізде қандай пойыз билеттері қымбаттайды?
Қазақстан • Бүгін, 15:55
Ақтөбеде жемқорлықпен күресушілер 2020 жылғы жұмыс қорытындысын жариялады
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Өскемендік полицейлер атқа мінген адамдарды не үшін қуды?
Видео • Бүгін, 15:50
Өскеменде шоқыну мейрамында 2 мыңнан астам адам суға шомылған
Оқиға • Бүгін, 15:50
Ұқсас жаңалықтар