«Астана Опера» театрының балет труппасы 16 қаңтар күні көрермен назарына Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың жетекшілігімен ғаламат Гала-балет ұсынады. Мазмұнды бағдарлама аясында театрдың Үлкен залы сахнасында балет солистері Серік Нақыспеков пен Далер Запаров Мариус Петипаның хореографиясындағы Р.Дригоның «Талисман» балетінен па-де-де және Э.Дельдевез, Л.Минкустың «Пахита» балетінен гран-па нөмірін орындайды.

– Р.Дригоның «Талисман» балетінен па-де-де әлем бойынша балетсүйер қауым арасында үлкен атаққа ие болды. Ол барлық халықаралық балет байқауларының бағдарламасына және көптеген әлемдік балет труппаларының репертуарына енген. Осынау нөмірдің тамаша сюжеті бойынша алдымызда ежелгі Үндістанның тылсым әлемі ашылады. Менің орындауымдағы жел құдайы Вайю аспан рухтары әміршісінің қызы Ниритимен бірге билейді. М.Петипа мен П.Гусевтің хореографиясы айрықша шеберлігімен әрі мәнерлігімен өзгешеленеді. Біздің орындауымыздағы осы классикалық жауһардың интерпретациясы елордалық көрерменнің көңілінен шығады деген үміттемін, – деп ой бөлісті Серік Нақыспеков.
Ал театрдың талантты солисі Далер Запаров болса бұл күні Э.Дельдевез, Л.Минкустың «Пахита» балетінен гран-памен дебют жасайды. Сонымен бірге жас балет әртістері София Әділханова, Нұрай Нұрсафина, Евгений Рыбкин, Диас Құрманғазы, Рустам Чахалов осы нөмірде алғаш рет сахна төріне шығады. Далер Запаровпен жұптасып театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнел Рүстемова өнер көрсетеді. Сәнді де мерекелік гран-па балет кейіпкерлерінің салтанатты үйлену тойын би тілінде баян етеді. Ол бөлшектердің молдығы, нақыш, испандық темперамент және вариациялардың сан алуандығымен өзгешеленеді.
– Менің пікірімше, мейлі алғашқы, премьералық орындау немесе репертуарлық спектакль болсын, әрқашан барлық өнер көрсетулер өзінше ерекше. Қай партия болсын, сахнаға шыққан сайын әртіс ретінде орындалатын бейненің жаңа қырларын, тың дүниелер ашамын. Десе де аталған Гала-балетте сахнаға шығу мен үшін өте маңызды, сондықтан эмоционалдық жағынан күш-қуатым артып, жаңа жылды сүйікті сахнамда жақсылықпен бастауға құштарлығым зор, – деп өз әсерін жеткізді Далер Запаров.
Екі бөлімнен тұратын алуан түрлі бағдарламаға театр репертуарындағы классикалық, неоклассикалық және заманауи қойылымдардан үзінділер енді. Атап айтсақ, Ж.Коралли мен Ж.Перроның хореографиясындағы А.Аданның «Жизель» балетінен па-де-де, Л.Минкустың «Баядерка» балетінен үнді биі, М.Петипаның хореографиясындағы П.Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінен па-де-де және т.б. Сондай-ақ бұл кеште Патрик де Бананың хореографиясындағы «Дала үні» балетінен дуэт орындалатын болады. Еске салар болсақ, осынау ұлттық балеттің әлемдік премьерасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен желтоқсан айында елордалық көрерменге зор жетістікпен ұсынылған еді.
Классикалық би өнері елорда тұрғындары мен қонақтарына «Астана Опера» театрының жетекші солистері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева мен Еркін Рахматуллаев, Олжас Тарланов, балет труппасының солисі Анастасия Заклинская, балет әртістері Марико Китамура, Мөлдір Шәкімова, Аделина Төлепова, Жәнібек Ахмедиев, Жансерік Ахметов, Бостан Қожабековтің орындауында ұсынылатын болады. «Астана Опера» симфониялық оркестрі дирижер Арман Оразғалиевтің жетекшілігімен өнер көрсетеді.
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Кеше
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Кеше
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Кеше
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Кеше
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Кеше
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Кеше
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Кеше
Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Аймақтар • Кеше
Марат Шоранов халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тәртібін түсіндірді
Коронавирус • Кеше
Алматыда балмұздақ байқауы өтті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
«Қайсар» Түркияда жолдастық кездесулер өткізеді
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс ратификациялық заң жобаларын мақұлдады
Парламент • Кеше
Елордада мектеп оқушылары робототехникамен айналысады
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Чехия нарығына 45-тен астам өнім түрін жеткізе алады
Экономика • Кеше
Таразда жасырын ойын орны анықталды
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан Еуропалық азаматтық авиация конференциясына қабылданды
Қазақстан • Кеше
Ақпараттық-ағарту штабының жұмысы – ашықтықты талап етеді
Қазақстан • Кеше
Отандық төсек-орын өнімдері АҚШ пен Канадаға экспортталды
Экономика • Кеше
Видео • Кеше
Франция елшісі Қазақстандағы діни сенім бостандығына баға берді
Қазақстан • Кеше
Атырауда фитнес орталықтан ақша ұрлаған әйел ұсталды
Аймақтар • Кеше
«Қайрат» қақпашысы әлемдік рекорд жаңартты
Футбол • Кеше
iPhone 12 денсаулыққа зиян деп танылды
Технология • Кеше
Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін
Технология • Кеше
Түркістанда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
Аймақтар • Кеше
Теміртауда қарияға қысым көрсеткен күдікті табылды
Оқиға • Кеше
Семейде екі автобус жол апатына түсті
Аймақтар • Кеше
Ордабасы ауданында 379 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ-ға алғашқы күні 10 мыңнан астам өтінім берілді
Қоғам • Кеше
Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамалды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 5 мыңға жуық отбасы инфрақұрылым жүйесімен қамтылады
Аймақтар • Кеше
«SHYMKENT» ӘКК» 30 инвестициялық жобаны жүзеге асырады
Аймақтар • Кеше
Атыраудағы стационарларда 1 миллионға жуық дәрілік зат бар
Аймақтар • Кеше
Құдыққа құлаған құнанды құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Арыста жоғалған бір үйір жылқы табылды
Аймақтар • Кеше
Германия шаруалары трактормен шеруге шықты
Әлем • Кеше
Қазақстанда 40 мыңнан астам автокөлік ұрланған
Қазақстан • Кеше
АҚШ әскеріндегі әйелдерге боянуға рұқсат берілді
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар