Әлем • 14 Қаңтар, 2021

Өзбекстанда букмекерлік қызмет заңдастырылды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда букмекерлік қызмет заңдастырылды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Өзбекстанда букмекерлік қызмет заңдастырылды

Қазір ел билігі саланы реттейтін тиісті нормативтік базаны құрып жатыр. Букмекерлер ел қазынасы жыл сайын 150 млн АҚШ доллары көлемінде қосымша кіріс әкеледі деп сенеді ала тақиялы ағайын.

«Букмекерлік қызметтің экономикалық тиімділігі жоғары» деген уәжбен өзбек билігі жыл басынан спорттық шараларға ақша тігуді заңдастырды. Президенттің осыған қатысты тиісті жарлығы шықты. Оған сәйкес ойын-сауық орындары тапқан пайданың белгілі мөлшерін спорттың дамуына жұмсауы тиіс.

«Букмекерлік кеңселер тапқан пайданың бір бөлігін бір тоқсанда бір рет, әлде әр айда, не жарты жыл сайын спорттың дамуына бөлуі тиіс. Я болмаса бұл ақшаны салықпен қоса ел қазынасы салады. Бұған қатысты нақты тетіктер әзірге ойлап табылған жоқ. Дегенмен пайда табудың мұндай амалы Қазақстанда да, Ресейде де бар. Мәселен, Ресейдің заңында табыстың белгілі бір мөлшерін спорттың дамуына жұмсау міндетті деген тармақ бар», дейді Өзбекстан футбол қауымдастығының заңгері Дильшод Наркобилов.

Көрші елдің ойынқұмар азаматтары қазір көлеңкелі мекемелерде ойнап жүр. Тіпті спорттық шараларға бәс тігу үшін шетел асатындар да баршылық. Осылайша өзбекстандық ойыншылардың жылына 150 млн АҚШ доллары өзге букмекерлердің қалтасына кетіп отыр деп налиды биліктегілер.

Соңғы жаңалықтар