Білім • 14 Қаңтар, 2021

Елордада ІІ ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы ІІ ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Елордада ІІ ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының шешімі бойынша 2021 жылғы 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз -29 С) қала мектептерінің ІІ ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтықтан оқыту форматына ауысады», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда І ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты онлайн оқып жатқанын хабарлаған болатынбыз.