Бұл есімі жергілікті жанкүйерлерге жақсы таныс. 34 жастағы Бразилияның Сан-Паулу қаласының тумасы спорттық карьерасының алғашқы кезеңін өз елінде өткізгені белгілі. 2011 жылы Ресейге қоныс аударып, Новосібірдің «Сибиряк» клубында ойнады. Ол жақта Умберто жасындай жарқырады. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Қазақстанға келді. 2014-2016 жылдар аралығында «Қайраттың» намысын қорғады. Біздің елде де бразилиялық легионер өзін жақсы қырынан көрсетіп, 2015 жылы алматылықтардың УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануына сүбелі үлес қосты.
Кейіннен Умберто Испанияның «Интер-Мовистар», Ресейдің «Сибиряк», Бразилияның «Сан Каэтано», «Жарагуа», «Жоинвили» және Францияның ACCS Futsal клубтарында ойнады. Міне, енді араға бес жыл салып атақты шабуылшы Қазақстанға оралып, қайта «Қайраттың» жейдесін киді.