Парламент • 14 Қаңтар, 2021

Мәжілістің 107 депутатына куәліктер мен белгілер тапсырылды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 7-ші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәжілістің 107 депутатына куәліктер мен белгілер тапсырылды

«Ақ жол», «Nur Otan» және Қазақстанның халық партиясы саяси партияларының тиісті құжаттары осы жылдың 12 және 13 қаңтарында ҚР ОСК-ге ұсынылды. Сонымен қатар сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық комиссиясы ОСК-ге Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасын ұсынды. Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес, ОСК сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді. Сайлау туралы заңның 45-бабында ОСК сайланған Парламент депутаттарын 7 күн мерзім ішінде олардан Конституцияға және республика заңдарына сәйкес, Парламент депутаттарының мәртебесімен сай келмейтін өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініштерін алғаннан кейін тіркейді деп белгіленген. Аталған өтініштер алынды. Сайлау заңнамасында ОСК әрбір депутатқа өзі белгілеген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсыратыны көзделген», - деді ол.