Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

537 миллион теңге: Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке шығын келтірді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 537 миллион теңге шығын келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

537 миллион теңге: Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке шығын келтірді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2017-2020 жылдар аралығында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі. Бұл ұйым Қарағанды аумағында тауар жеткізбестен жалған шот-фактуралар беру арқылы заңсыз іс-әрекеттермен айналысқан.

7 адамнан тұратын қылмыстық топ,  бақыланатын кәсіпорындар басшысы болып тіркелген сыбайластарымен бірге тіркеу орындары үшін үйлер іздеп, жалға алған, сонымен қоса екінші деңгейдегі банктерден ақшаны қолма-қол етіп айырбастап отырған.

Топтың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері 537 миллион теңгені құрады.

Комитет 2020 жылдың 27 желтоқсанында қылмыстық іс өндіріспен аяқталғанын, соның нәтижесінде бекітілген айыптау қорытындысымен сотқа жіберілгенін қосты.

Аида ОРАЛБЕК