Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Павлодарда жалған арыз беруші жазаланды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында полицияға көлігін белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы жалған арыз түсірген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жалған арыз беруші жазаланды

«2021 жылғы 8 қаңтарда Павлодар қаласының полициясына ер адамнан қоңырау келіп түсті, ол өзінің көлік құралын белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы шағымданды. Дереу қалада «Тосқауыл» жоспары жарияланды. Аулалардың бірінде автопатрульдердің бірі бағдарда көрсетілген көлікке ұқсайтын автокөлікті байқаған. Көлікке жақындаған полицейлер көліктің оталып тұрғанын, сонымен қатар салонда музыка ойнап тұрғанын, ал салонда ешкім жоқтығын анықтады. Кейін арызданушының мас күйінде автокөлігін қайда қойғанын ұмытып қалғаны белгілі болды», деді Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шарипов.

Полиция қызметкерлері жалған арыз берушіге қатысты полиция органдарын көрінеу жалған шақыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 438-бабы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік іс қозғалғанын, құқық бұзушыға қатысты 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынғанын атап өтті.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде полиция органдарын көрінеу жалған шақырудың 5 фактісі, 2020 жылы 43 фактісі тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51