Қазақстан • 14 Қаңтар, 2021

Мәжілістің 107 депутатына куәлік мен белгі тапсырылды

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің 107 депутатына куәлік мен белгі тапсырылды

Суретті түсірген Ж.Құспанов

Іс-шарада жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына куәліктер мен төсбелгілер табысталды. Сайлау қорытындысы бойынша VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша «Nur Otan» партиясынан 76 депутат,   «Ақ жол» партиясынан 12 депутат, Қазақстан халық партиясынан 10 депутат сайланса, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.