Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Атырауда қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырды

1317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Атырауда қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырды

Кеше, 13 қаңтарда «Қазгидромет» РМК Атырау облысының кей жерінде аздаған қар жауып,  желдің ұйытқуы 25 м/с-қа дейін жететінін ескертті. Осыған орай Атырау қаласы мен аудандар әкімдігіне дауылды ескертуге байланысты қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат, ұялы байланыс операторлары арқылы халықты смс-хабарландыру жіберілген еді.

1

«Бүгін, 14 қаңтарда Атырау қаласында желдің ұйытқуы 18-19 м/с-қа жетіп, салдарынан дейін тұрғын үй шатырларының ұшты. Таңғы сағат 07:10-да Call-орталыққа «Нұрсая» шағын ауданында шатырдың құлау қаупі туралы хабарлама түсті. Құтқарушылар №84-ші үйдің 72 шаршы метр шатыры қайырылып,  қалған бөлігінің құлағанын анықтады. Ал, сағат 08:22-де Азаттық даңғылындағы №77 үй шатырының құлау қаупі төнді», -деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.