Білім • 14 Қаңтар, 2021

Білім министрі грантта оқитын студенттердің қандай айлаға баратынын айтты

1677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында грантта оқыған кейбір студенттер қандай айлаға баратынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Білім министрі грантта оқитын студенттердің қандай айлаға баратынын айтты

«Кейбір грант иегерлері мемлекет шығынын жұмыспен өтеу рәсімін айналып өтудің амалын тапқан. Олар грант арқылы 3-курсқа дейін тегін оқып, үш жыл бойы стипендия алады. Содан кейін мемлекеттік грантты жұмыспен өтемеу үшін 4-курста ақылы бөлімге ауысатын болған», деді А.Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

А.Аймағамбетовтың айтуынша, осыған байланысты грант иегерін оқытуға мемлекет жұмсаған шығындарды өтеу бойынша жаңа норма енгізілді.

«Мәселен, студент грантта екі жыл оқып, кейін ақылы бөлімге ауысты делік. Бұл жағдайда студент қанша жыл грантта оқыса, сонша жыл грантты жұмыспен өтеуге міндетті болады. Дәл осы норма, ақылы бөлімнен грантқа ауысқан студенттерге де қатысты болады», деп түсіндірді ведомство басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, грантпен оқыған түлек өз дайындық бағыты бойынша жекеменшік ұйымдарда еш кедергісіз жұмыс істей алады.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап әрбір жоғары оқу орны білім алған азаматтарға жеке үлгісі бойынша диплом беретін болады.

Енді әр жоғары оқу орнында берілетін дипломдардың барлығы біркелкі болмайды. Бұдан былай мемлекеттік үлгідегі дипломдар берілмейді.

Соңғы жаңалықтар

Серіктестік құқы қорғалды

Инвестиция • Кеше

Тұмаудан амансыз ба?

Денсаулық • Кеше

«Cyberpol»-ға жұмыс көп

Құқық • Кеше