Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Есірткі таратумен айналысқан екі студент сотталды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екі студентті 6 және 11 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі таратумен айналысқан екі студент сотталды

Өткен жылы Ақтөбе қаласында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 18 жастағы екі студент ұсталған болатын. Студенттер қала көшелерінде синтетикалық есірткі салынған 22 пакетті жасырып үлгерген. Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінде оқитын екі студент мессенджердегі  “кураторларының” нұсқауы бойынша қала көшелеріндегі жасырын жерлерге көк кристалл тәріздес ұнтақ салынған пакеттер салып қойған. Студенттер ұсталғаннан кейін полиция қызметкерлері колледж жатақханасының бөлмесінде тінту жүргізді, онда буып-түю материалдары, таразы және көк түсті химиялық заттар табылып,  тәркіленді.

«Халықты тұз, спайс және темекі қоспаларын тарату бойынша курьерлерді қабылдау туралы интернеттегі ақпаратқа барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», деп атап өтті ПД қызметкері Асхат Асқаров.