Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Атырауда полицей болып жүрген қай экс-әкім?

784 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының тұрғыны өзінің әкімдік қызметінен бас тартып, қазір полицей болып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда полицей болып жүрген қай экс-әкім?

Зинел Каиров университетті «тарих мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, Мақат ауданындағы мектепте жұмыс істеген. Содан кейін ол осы ауданның Байгетөбе ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.

Қазір ол аға лейтенант қызметін атқарып жүрген ол екі жыл бұрын өзінің бала кездегі арманын орындау үшін қызметінен кетуге шешім қабылдапты.

Экс-әкім ішкі істер органдарына қызметке орналасып, Атырау ауылдық округінің Жаңаталап ауылының учаскелік полиция инспекторы болды.

958

«Қызметтік міндеттерін орындау кезінде түрлі жағдайларға тап боламыз. Ұрлық, төбелес, ішімдік ішу және басқа да көптеген қылмыс пен құқықбұзушылықтар. Менің ойымша, бұл көбіне халықтың ішкі мәдениетінің төмендігінен туындайды. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында біз үнемі ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Біздің басты міндетіміз - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, барынша заңбұзушылықтардың алдын алу. Балаларды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлеміз», дейді Каиров.