«Менің ойымша, сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындыққа қарамастан, Үкімет өз жұмысын жақсы атқарды. Басқа елдерге қарағанда біз жаман нәтиже көрсеткен жоқпыз. Егер Президент Асқар Ұзақбайұлы Маминді ұсынса, онда мен фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сөз соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті депутаттарды тағы да өткен сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, фракция мүшелерінің жұмысына сәттілік тіледі.