Елорда • 14 Қаңтар, 2021

Елордада коммуналдық төлем бағасы өсе ме

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада коммуналдық төлем бағасы аяқ астынан негізсіз өсті деген пікірге қатысты қала басшысы жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада коммуналдық төлем бағасы өсе ме

«Өткен жылдың желтоқсан айында күннің күрт суытуына байланысты, көмір әдеттегіден көбірек жағылды. Мысалы, қараша айында күніне 150 вагон көмір жағылса, желтоқсан айында 350 вагон көмір жағылды. Сәйкесінше шығын да көп деген сөз. Яғни барлығы да ауа-райына байланысты болып отыр», деді елорда әкімі Алтай Көлгінов тілшілердің сұрақтарына жауап бере тұрып.

Сондай-ақ, әкім ауа-райының өзгеруіне қарамастан, коммуналдық төлем бағасы өспейтінін айтты.

«Қазіргі уақытта елордада коммуналдық төлем бағасы бұрынғысынша, баға өзгерген жоқ және әзірге өзгермейді. Бұл туралы өз атымнан ресми түрде мәлім етемін», дейді ол.

Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын елордалықтар әлеуметтік желі арқылы коммуналдық төлем бағасының аяқ астынан негізсіз қымбаттағаны туралы шағым білдірген болатын.