Елбасы • 14 Қаңтар, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының отырысына қатысты

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының төрағасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының отырысына қатысты

«Сіздер халықтың сенімін ақтауларыңыз керек. Бұл - маңызды міндет әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан фракция депутаттары біздің партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерін салуы тиіс», деді Елбасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының елдің үдемелі дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысының нәтижелерін атап өтті.

«Бізде әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енерлік нақты жоспар мен ресурстар бар. Бұл жолда ең үлкен парламенттік фракция ретінде сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін сіздер барлық күш-жігерді салар деген сенімдемін. Депутаттар құрамы өзгергенін бәрі біледі. Жаңа адамдар жаңа идеялар әкеліп, Парламент жұмысына тың серпін берер деп сенемін», деді партия төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев VII шақырылымдағы Мәжіліс жұмысының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс басталып отырғанын да ерекше атап өтті.

«Қазақстан халқы өткен сайлауда біздің партияға үлкен қолдау көрсетті. Халықаралық байқаушылар қазақстандықтардың жоғары белсенділігін, ынтымақтастығын атап өтті. Сайлау ашық және демократиялық жағдайда өтті. Әдеттегідей, сіздер біз - нақты істердің партиясы екендігімізді растай алатындарыңызға сенімдімін», деді Елбасы.