Аймақ басшысы Даниал Ахметов бұрынғы депутаттық құрамға жемісті бірлескен жұмыс үшін шын жүректен алғысын білдіріп, жаңа жағдайда барлық деңгейдегі маслихаттардың жалпы саяси рөлі мен жауапкершілігі артып отырғанын атап өтті.
"Мен депутаттық корпустың жаңартылған құрамы облысымыздың одан әрі дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек ететініне сенемін. Партияаралық өзара іс-қимылды күшейту, барлық фракциялардың үйлесімді жұмысына қол жеткізу қажет. Облыстық мәслихаттың барлық депутаттары, қандай партияға жататынына қарамастан, өздерінің сайлауалды бағдарламалары мен сайлаушыларға берген уәделерін орындауға белсенді кірісетініне сенімдімін", деп атап өтті Даниал Ахметов.