Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Мұз үстіндегі із

887 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұз үстінде із қалдыру оңай ма? Бұл үшін кәсіби шебер­лік қажет шығар. Десек те, жа­қында Құрманғазы ауданының орталығында тұратын Нұралы Бектеміров мұз үстінде мәнер­леп сырғанады. Теңіз жаға­сында қатқан мұзда сырғанау көпшілікті тәнті етті.

Мұз үстіндегі із

Оның сырғанау сәтін ағасы Әди видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Әрине Нұралы Бектеміров кәсіби спортшы емес. Қазір Абай атындағы орта мектептің 10-сыныбында оқиды. Ол тұратын ауданда спорттың дәл осы түрімен айналысуға лайықты нысан жоқ. Соған қарамастан мектеп оқушы­сының сырғанау мәнері кәсіби спортшылардың шеберлігінен кем түспейді. Оны әуесқой сырғанаушы деуге болады.

– Үш-төрт жыл бұрын мәнерлеп сырғанауға қызығушылығым оянды. Содан бері шеберлігімді шыңдап келемін. Ынталы жанға мәнерлеп сырғанау қиын емес, – дейді Нұралы Бектеміров.

Спорттың осынау бекзат түрін дамытуды ойлағандар Нұралы Бек­теміровтің талпынысына назар аудар­ғанын қалар едік. Бәлкім, оның бағы жанғалы тұрған шығар. Тегінде мұз үстінде де қазақ баласының ізі сай­рап жатуы керек емес пе?

 

Атырау облысы