Саясат • 15 Қаңтар, 2021

Депутаттар қызметке кірісті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау ко­мис­­сиясы 10 қаңтар­да сай­ланған Парла­мент Мә­жі­лісінің 7-ша­қы­рылым депутаттарын тіркеді.

Депутаттар қызметке кірісті

Отырысқа Парламент Мәжілісінің сайланған депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ау­мақтық сайлау комиссия­лары қатысты. ОСК төр­ағасы Берік Имашев «Қазақ­стан Республикасының Пар­ламенті және оның депутат­тарының мәртебесі туралы» заңға сәйкес Парламент де­путатының өкілеттігі Ор­талық сайлау комиссиясы Пар­ламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталатынын атап өтті.

Отырыста қабылданған қаулы бойынша Парламент Мәжілісіне 107 депутат тір­келді. Оның ішінде Nur Otan партиясының партиялық тізімі бойынша 76 депутат, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 12 депутат, Қазақстан Ха­лық партиясынан – 10 депутат, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 депутат бар.

ОСК төрағасы Берік Имашев тіркелген депу­тат­тарға куәліктер мен кеудеге тағатын белгілерді табыс етіп, оларға Республиканың заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органында табысты жұмыс тіледі.