14 қаңтардан 15-іне қараған түні 17 313 текше метр қар шығарылды. Бірінші кезекте, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтарға көңіл бөлінеді.
Естеріңізге сала кетейік, жиналған қар елорданың аудандарында орналасқан он бір полигонға шығарылады.
Қалада қар жинау 24/7 режімінде жүргізіледі. Полигондарда бақылау үшін фото-және бейнекамералар орнатылған.