Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Қаржылай қолдауға құрал-жабдық алды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалылық кәсіпкер Сандуғаш Әбілхасымқызы осы өңір бренді саналатын «Қазалы» конфетінің 8 түрін шығаруда. Олардың рокс, соломка, барбарис, апельсин, лимон, дюшес, шоколад сияқты түрлері бар, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаржылай қолдауға құрал-жабдық алды

Сандуғаш Әбілхасымқызы бұл кәсіппен айналысуды 2018 жылы бастап, бастапқы уақытта конфеттің 3-4 түрін шығарған. Әдепкіде дайын өнімдерді аудан орталығындағы сауда нүктелеріне өткізіпті. Кейін бұл конфеттің дәмін татқан жандардан сұраныс көбейіп, тіпті көрші аудандардан да тапсырыстар түсіп, өнім түрлерін көбейтуді жоспарлайды.

Қазір бұл отбасылық кәсіпке айналған. Жеке кәсіпкердің қызы Меруерт Темірбай өткен жылы «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқу курсынан өтіп, 555 600 теңге грант иегері атаныпты. Бұл қаржыға конфет шығару цехына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.

Шағын цехтағы 3 маман күніне 100-150 келі конфет түрлерін дайындайды. Сандуғаш Әбілхасымқызы алдағы уақытта конфет түрлерін 1 келілік дайын қаптамаларда шығаруды жоспарлап отыр.