Ковалев кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Сауль Канело Альварестен жеңілген еді. Оның келесі кездесуі 30 қаңтарда 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері өзбекстандық Бектемір Bek Bully Меликузиевке (6-0, 5 КО) қарсы өтуі керек еді. Бұл кездесу бастапқыда Мәскеуде жоспарланып, кейін Америкаға ауыстырылған. Енді жекпе-жек мүлде болмайтынға ұқсайды.
«Сергей Ковалевтің тесті синтетикалық тестестерон барын көрсетті. VADA өкілдерінен хат алдым, онда мән-жай айтылған. Демек оның 30 қаңтар DAZN платформасындағы Бектемір Bek Bully Меликузиевпен жекпе-жегі өтпейтін шығар», деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде.