Білім • 15 Қаңтар, 2021

Отандасымыз Гонконг универсетитетінің білім грантын жеңіп алды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Жансая Амантаева Гонконг баптист университетінің (Hong Kong Baptist University, HKBU) 190 мың долларлық білім грантын ұтып алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Отандасымыз Гонконг универсетитетінің білім грантын жеңіп алды

Болашақта Жансая Амантаева «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша білім алғысы келетінін жасырмады.

«ЖОО оқуға түсуге құжаттарды өткен жылдың күзінде қабылдай бастады. Құжаттарды тапсыру үшін міндетті түрде IELTS ағылшын тілінен емтихан тапсыру қажет. Мен 7.0 ұпай жинадым. Содан кейін университет профессорларымен әңгімелесу болды», деді Жансая Монтаева.

Дүниежүзілік рейтингтерге сәйкес білім ордасы Азиядағы 50 және әлемдегі ең үздік 300 жоғары орындарының қатарынан табылды. Нарыққа икемдеген бұл университетте ізденуші жастар әлемнің түкпір-түкпірінен келіп, қосымша ағылшын және қытай тілдерінде білімдерін толықтырады.

Бұл оқу орны – Қытайдың ежелгі университеттерінің біріне кіреді, әрі жоғары технологиялық техникасымен әлем жұртшылығына таңсық.

«Кәсіби біліктері мен бағдарын аямаған ұстаздарыма алғызым шексіз. Зияткерлік мектеп ұстаздары әрдайым оқушылардың білімдерін толықтырумен ерекшеленіп келеді. Олардың қажырлы еңбектерінің арқасында біз әлемнің жетекші ЖОО түсуге мүмкіндік алып жатырмыз. Ең бастысы, енді өз білімімді ҰБТ-ның жоғары балымен растауым керек», дейді Жансая Монтаева.