Дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетовтың мәліметінше, бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жаппай суға шомылу рәсіміне шектеу қойылған.
«Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау облысының Бас санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 «Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» Қаулысының 6-тармағы 3-тармақшасына сәйкес діни бірлестіктерге ұжымдық бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын негізге ала отырып Маңғыстау облысының әкімдігімен Православ христиандарының «Шомылдыру рәсімі» мерекесі күні діни жоралғыларды орындау үшін теңіз жағасында жаппай суға түсу рәсімінің өткізілуіне шектеу қойылды», деді ол.
Сондай-ақ, Ақтау қалалық «Благовещенск Приходы Орал Епархиясы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің протоиерейі Игорь Выриков суға түсі рәсімін теңіз жағасында жасамауының себебін түсіндірді.
«Діни бірлестіктерді және облыс тұрғындарын күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық режимді сақтауға және өміріңізге қауіпті індеттен сақтануға шақырамыз», деді протоиерей Игорь Выриков.