Әлем • 15 Қаңтар, 2021

Индонезиядағы жер сілкінісінен 35 адам қаза тапты

596 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияның Батыс Сулавеси провинциясында 6,2 балдық жер сілкінісі құрбандарының саны төрт адамға жетті, деп хабарлады жергілікті қауіпсіздік күштері.

Индонезиядағы жер сілкінісінен 35 адам қаза тапты

Аймақтан үш мыңға жуық адам эвакуацияланды, 637 адам жарақат алды.

Индонезия Ұлттық метеорология, климатология және геофизика бюросының (BMKG) мәліметтері бойынша, қысқа уақыт ішінде 26 рет жер сілкінісі тіркелген. 

Сондықтан өңірде электр қуаты өшеді. Билік тұрғындарды жер сілкінісінің қайталану ықтималдығына байланысты көп қабатты үйлерге жақындамауға шақырды.

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.