Парламент • 15 Қаңтар, 2021

Маңызды қадам болды

200 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінгі қос палатаның бірлескен отырысында өте маңызды баяндама жасады деп есептейміз. Ең негізгісі – біздің тиімді мемлекет және әділетті қоғам құру саясатының жалғасатындығын басып айтты. Бұл өте маңызды мәселе. 

Маңызды қадам болды

Сондықтан да жалпы басқару жүйесін реформалау, сот жүйесін реформалауға қатысты мәселелердің жалғасатындығын, сонымен бірге әсіресе жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту мәселелері – өте маңызды деп өз басым есептейді. Шынында да жергілікті жерлердегі басқару жүйесі, соның ішінде  қоғамдық басқару жүйелері, қоғамдық кеңестер, соның ішінде әкімшілік жүйесінің өзін де қайта қарайтын уақыт келді. Халыққа тиімді органдар, тиімді қоғамдық кеңестер жұмыс жасауы керек, ол бірінші мәселе.

Екінші мәселе, мынау аумақтарды дамытуға қатысты өте бір маңызды нәрселер айтылды. Менің ойымша, аумақтардың барлығының теңгерімді дамуы және соған лайықты қаржының бөлуі, аумақтардың жол құрылысы, инфрақұрылымы бірдей даму қажет екендігі өте орынды айтылды деп есептеймін. Себебі қазіргі уақытта біздің өңірлерде мысал үшін жол мәселесінің өзі әртүрлі дамыған, бір жерде жол жақсы, бір жерде жол тіпті де өте нашар, бір жерде ауызсумен қамтамасыз етілген, екінші жерде ауызсу тіпті жоқ, газдандыру мәселелері бойынша да солай. Әсіресе аумақтық, өңірлік жерлерде, әсіресе ауыл-аймақтарда осы халыққа қажетті негізгі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын бір деңгейде, бір дәрежеде дамыту мәселесі өте бір үлкен проблемаға айналып отырғандығы рас. Президенттің бүгінгі сөзінде айтылған мәселелерді біз толық қолдаймыз. Оның баяндамасындағы тағы бір маңызды мәселе 3500-ден астам ауылдық елді мекендер қайта жаңғыртылатын болды деген әңгіме айтылды. Бұл өте орынды нәрсе, бұл қазіргі бар ауылды мекендердің көп бөлігі. Егер ауылдық елді мекендер қайтадан жаңғыртылатын болса, біз ауылдарды сақтап қаламыз. Соған лайықты әлеуметтік инфрақұрылым болады. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту да маңызды, себебі өндіріс болмай, халық тұрмайды ауылда. Қанша мектептерді, қанша ауыруханаларды реттеп, жөндеп қойған күннің өзінде де мына жұмыс өндірісі инфрақұрылымдарын да дамыту өте маңызды мәселе. Сондықтан өндіріс дамуы үшін, ауыл дамуы үшін, сол ауылдың ішіндегі, одан кейін ауылдарды байланыстыратын, ауылды аудан орталығымен байланыстыратын жолдарды қайта реттеу, қайта жөндеу, жаңадан мәселелері өті бір қажетті нәрсе болып отырған уақыт. Президент осы бағытта жұмыстың жүргізілетінін жаңадан құрылатын Үкіметке тапсыратындығын айтты.

Саяси реформаларға келетін болсақ, саяси реформалардың бірінші кезеңі жүргізілді. Екінші кезеңі әрі қарай жалғасатындығы туралы айтылды. Оның ең үлкені - мына ауыл әкімдерінің сайлану мәселесі. Ауыл әкімдерінің сайлануы біздің билік жүйесіндегі демократиялық үрдістің қайта жаңғыруының бір көрінісі болады деп есептеймін. Ауыл әкімдерін сайлау, артынан аудан әкімдерін сайлауға көшу мәселесі өте орынды айтылған нәрсе деп есептеймін.

Тағы бір айтылатын мәселе, сайлаудан кейінгі қорытындыға байланысты. Шынында да біраз партиялар өтті, біразы өте алмай қалды, көптеген жұмыстар атқарылды, көптеген ұсыныстар айтылды, жақсы сайлау алды бағдарламалар қабылданды, мықты азаматтар кандидат болып тіркелді. Өкінішке орай, Парламентке өтпей қалған партиялардың ішіндегі сол бағдарламаға енгізілген  маңызды саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларға қатысты ұсыныстардың бәрін ескеру керектігін, келесі сайлауда Парламентке өту пайызының деңгейін 7%-дан 5%-ға дейін төмендету мәселесін маңызды деп есептеймін.  Шынында да партияларға Парламентке өтуге мүмкіндікті ұлғайтады. Яғни партиялар арасында үлкен бәсекелестік пайда болады, биылғы сайлау да соны көрсетті. Сондықтан Президентіміздің баяндамасындағы айтылған мәселелер біздің елімізді дамытуға жолындағы, мемлекетімізді демократияландыру жолындағы, халқымыздың тұрмыс-тіршілігін арттыру жолындағы өте маңызды жасалған қадам болды деп есептеймін. 

 

Әли БЕКТАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты