12 Желтоқсан, 2013

«Ла Скала» театрының дирижері ауысады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 12 - La SkalaМиланның атақты «Ла Скала» театрына бас дирижер болып Риккардо Шайи тағайындалады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Риккардо Шайидың бұл қызметке келетіні жөнінде бұрыннан айтып жүрген. Ал енді бұл жаңалықты Милан әкімі де растады. Ол Риккардо Шайидың бас дирижер қызметіне 2015 жылғы қаңтардан бастап кірісетінін мәлімдеді.

2005 жылдан бері Лейпциг қаласында Гевандхаус оркестрін басқарған Риккардо Шайи «Ла Скаланың» бас дирижері Даниэль Баренбоймды алмастырады. Сондай-ақ 2014 жылдың күзінде театрдың көркемдік директоры да ауысады. Қазір ол қызметті атқарып жүрген Стефан Лисснердің келісім-шарты бітісімен оның орнына Зальцбург фестивалінің көркемдік жетекшісі Александр Перейра келетін болды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар