Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері қолына бір мәрте пайдаланылатын шприц ұстап көшеде жүрген ер адамды ұстады деп хабарлайды Egemen.kz. Тексергенде оның қалтасынан «трамадол» дәрісі шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz

Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды

Көше тәртібін қадағалап жүрген Ұлттық ұлан патрулдері Сағит Хабошов пен Бауыржан Сапаралиев 14 қаңтар күні кешкі сағат 21.30. шамасында Ихсанов көшесінің бойында күдікті ер адамға кездескен. Күдікті болатын себебі, оның қолында медициналық шприц болыпты. Тексере келгенде 30 жасар азаматтың қалтасынан тағы 3 шприц және «Трамадол» түйірі шыққан.

Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша тергеу абақтысына қамады. Қадір тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Ал жауынгерлерді 5517 әскери бөлімінің басшылығы кәсіби шеберлігі және қырағылығы үшін марапатқа ұсынды», дейді «Батыс» өңірлік Ұлттық ұлан қызметінің баспасөз хатшысы, подполковник Ерболат Сұлтанов.

Айта кетейік, химиялық жолмен алынатын «трамадол» таблеткалары ауырсынуды басу үшін медицинада пайдаланылғанымен, оны өз бетімен қолдану есірткіге тәуелділікке соқтырып, адам денсаулығына қауіп төндіретіні белгілі.

 

Батыс Қазақстан