Білім • 15 Қаңтар, 2021

Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді

16 рет көрсетілді

2021 жылдың 15 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі арқылы, үзіліссіз он сағат тікелей эфир өткізді. Негізгі мақсат – студенттерге қазіргі оқу процесінің барысы мен жай-жапсары туралы толық ақпарат беру, деп хабарлайды Egemen.kz

Тікелей эфирге университеттің 13 факультет деканы, академиялық мәселелер, цифрлық даму, халықаралық ынтымақтастық, қаржы департаменттерінің директорлары, сонымен қатар Студенттер үйі дирекциясы мен ғылыми кітапхана директоры, тіркеу офисінің басшысы, т.б.  қатысты.

Қатысушылар санының мұншалықты көп болуының өзіндік себебі бар. Өйткені, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстандағы ЖОО арасында алғаш рет ұйымдастырып  отырған тікелей эфир ҚР Білім және ғылым министрлігінің мамандарымен қатар, еліміздегі көптеген жоғары оқу орындарының қызығушылығын туындатып отыр.

Тікелей эфирге қатысқан 4000-нан  аса студент оқу форматы, студенттер үйінде тұру ережелері, ЖОО аумағында қауіпсіздік шараларын сақтау, университеттің бірінші курс студенттерін қабылдауға дайындығы, ЖОО қабырғасында санитарлық нормалар мен ережелерді қамтамасыз ету және т.б. мәселелер туралы нақты жауап алды. Біз қойылған сауалдарды статистика үшін санап та көрдік, аз емес – 1200 сұрақ!

Елбасы негізін қалаған Еуразия университеті студенттердің кедергісіз оқуға кірісуі үшін қажетті жағдайлардың бәрін жасауда. Барлық жерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған. Жатақханада тұратын студенттер үшін интернетке кедергісіз қолжетімділік және университеттің компьютерлік техникасын пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Тағы бір ақпарат: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері 18 қаңтардан бастап екінші семестрді бастайды. Қаңтар айының соңына дейін сабақтар онлайн өтсе, 1 ақпаннан бастап бакалавриат, магистратура және докторантураның бірінші курс студенттері үшін сабақтар аралас форматта жүргізіледі. ЖОО қабырғасында дәрістер-онлайн, семинарлар, зертханалық сабақтар және басқа да практикалық сабақтар - дәстүрлі (офлайн) форматта. Ал бірінші курс студенттері үшін жатақханаға орналасу қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

Аймақтар • Бүгін, 13:25

Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық

Аймақтар • Бүгін, 10:15

Ақ халаттылардың абзал бейнесі

Руханият • Бүгін, 08:40

Алғашқы ойындағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 08:39

Құсбегі

Руханият • Бүгін, 08:38

Жолаушыға жәутеңдеген жануар

Аймақтар • Бүгін, 08:37

Испанияда бақ сынауда

Спорт • Бүгін, 08:36

Беларусьтен басым түсті

Спорт • Бүгін, 08:35

Ұқсас жаңалықтар