Украина президенті Виктор Янукович оппозицияға қарсылық шараларын тоқтатып, барлық саяси күштер мен қоғамдық ұйымдарды жалпыұлттық дөңгелек үстел басына жиналуға шақырды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Оппозиция президентке жауап қайтаратынын, сондай-ақ ортақ шешімге келуге ниеті жоқ екенін алға тартты.
Оппозиция талаптары күннен күнге күшейіп барады. Олар биліктен тұтқындалған ереуілшілерді босатуымен қатар, 30 қараша күні шерушілерге күш көрсеткендерді жазалап, ішкі істер министрі мен Азаров бастаған министрлер кабинетін қызметінен босату, мерзімінен бұрын парламент пен президент сайлауларын өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізуді талап етіп отыр.
2 мыңға жуық оппозиция жақтастары Украина бас прокуратурасының алдына жиналды. Олар тұтқындалған ереуілшілердің босатылуын талап етуде. Өз талаптарын ереуілшілер микроавтобустың үстіне орнатылған дыбыс күшейткіш арқылы жеткізіп отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com