Санай кел үйден 990 патрон алынған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-б.
«Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Патрондар алынып, сараптамаға жіберілді. «Алынған заттар монтаждау немесе «құрылыстық» деп аталатын патрондар болып табылады. Осы патрондардың оқ-дәрілерге жататындығын сараптама көрсетеді. Қалай айтсақ та, петропавлдық азамат дұрыс жасап, ол туралы полицияға хабарлағаны дұрыс болды», дейді Екінші ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Гүлмира Сағитова.