Автобустар Бөрлі аудандық бюджетінің өткен жылы үнемделген қаражаты есебінен алынған.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына қатысты мәселелерге ерекше тоқталып, білім беру сапасын жақсарту, балалардың қабілетін дамыту, ұстаз мәртебесін көтеру, мұғалімдердің жалақысын өсіру, қолжетімді әрі сапалы білім беруде мемлекет қарапайым мектептерге қолдау көрсетеді» деп атап көрсеткен болатын. Біздің ауданымызда да білім беру саласын дамытуда жүйелі іс-шаралар іске асырылуда. Биыл атап өтетін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай осы автобустарды мектеп ұжымдарына табыстап, оқушылардың сапалы да саналы білім алуына, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат болып өсіп жетілуіне септігін тигізеді деп сенемін» деді салтанатты жиында аудан әкімі Миржан Сатқанов.
Батыс Қазақстан