Қоғам • 18 Қаңтар, 2021

Құрылыс саласындағы инновациялар

475 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жыл еліміздің құрылыс индустриясы үшін маңызды жыл болды. Қазақстан құрылыста еуропалық нормаларды (Еурокодтар) қол­дануға толықтай көшті. Отандық құрылысшылардың беделі халық­аралық аренада да нығайды: дамудың негізі ретінде ТМД елде­рінің мамандары қазақстандық сарапшылардың тәжірибесін ала­ды.

Құрылыс саласындағы инновациялар

Айталық, 2020 жылы Еурокод­тарға толық көшу нәтижесінде 500-ден астам құрылыс нормалары жойылды. Осылайша, 2025 жылға дейін аяқталатын құрылыс индустриясын техникалық реттеу жүйесін реформалаудың үшінші қо­рытынды кезеңі басталды. Еурокодтарға өту құрылыс индус­триясын ескірген нормативтік-техникалық базаның реформасымен үйлестіру арқылы еуропалық және әлемдік жүйелермен бірік­тіру қажеттілігімен анықталады. Еурокодтар – бұл азаматтық ғи­мараттар мен құрылыстарды жо­балаудың еуропалық техни­ка­лық стандарттары. Оны Еуро­па­лық стандарттау комитеті соң­ғы 30 жыл ішінде жасады. Стандарттарға құрылыс жоба­лары құрылымдардың барлық типіне: болат, темірбетон, ағаш, кірпіш және алюминийге қойы­­­латын талаптар кіреді.

«Құрылыс компаниялары ма­мандары Еурокодтарды қол­данудың едәуір жеңілдіктеріне ие болады. Олардың бәсекеге қабі­леттілігі артады, инвестиция тарту үшін компаниялар Еуро­кодтар қолданылатын ше­тел­дік құрылыс қызметтері на­рығына шыға алады және бұл әлемнің 45-тен астам елінде қолданылады. Сондай-ақ шетел­дік компаниялар Қазақстан Рес­публикасының аумағында жобалау және құрылыс саласында біздің мамандарымызды тар­та алады», деді Индустрия және инфрақұрылымдық да­му министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық істері комитетінің төрағасы Мар­хабат Жайымбетов.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) Еурокодтарға көшудің жауапты операторы болды. Соңғы 5 жыл­да ҚазҚСҒЗИ мамандары еуро­кодтарға 56 ұлттық қосымша әзір­­­леді, 3 мыңға жуық маман ҚазҚСҒЗИ корпоративтік инс­титутында оқудан өтті, 23 қанат­қақты жоба Еурокодтарды қол­дану арқылы жүзеге асырылды.

2020 жылдың қараша айын­да ТМД елдерінің құрылыс қыз­­метіндегі ынтымақтастық жөнін­дегі үкіметаралық кеңе­сін­де «ҚазҚСҒЗИ» АҚ маман­дары жа­са­ған Қазақстан ұсын­ған құры­лыстағы жіктеу мен код­таудың бірыңғай жүйесі мақұл­данды.

Жыл қорытындысы бойынша Қазақстан ұсынған жер сілкінісіне төзімді құрылыс сала­сын­дағы ТМД елдері үшін нор­­малардың бірыңғай моделі қарас­т­ырылды.