Оқиға • 18 Қаңтар, 2021

«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хабар» телеарнасында қа­зақстандық шоу-биз­нес және спорт саласы жұл­дыз­дарының қатысуымен «Дала battle» реалити-жоба­сы­ның тұсаукесері өтті. Атал­ған те­левизиялық шоудың он ке­зеңінде нағыз шабандоздар қиын тапсырмаларды орындап, қауіпті сынақтардан өтіп, ұлттық һәм халықаралық спорт түрлерінен күш сынасады.

«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты

«Дала battle» – бұл түр­лі эмоциялар мен тосын әрекеттерге толы жоба. Біз Қазақстанда бі­рінші рет спорт пен өнер­сүйер қауы­мын біріктіретін реа­­лити-шоу ұйым­дас­тыр­дық», деді жоба авторы әрі продюсері Мейіржан Әлі­бек.

Айта кетейік, мұнда те­­левизиялық шоу ғана емес, экстремалды турнир түр­лері де қарастырылған. Он­да команда өкілдері фи­зикалық да­йындығын көрсетіп, күштің барлық қа­тал сынақтарынан өтеді. Мә­селен, кросс­фит, таулы аймақта аман қалу, әс­кери дайындық, ат спорты, т.б. Жобаға бар­лығы 5 команда қаты­суда. Ойын ережесі бойынша бағдарламаның әр екі бөлімінен кейін бір команда реалити-шоудан шығып отырады.

Бағдарламаға кино, спорт және өнер жұлдыз­да­­ры қатысуда. Олардың ішінде Арман Оспанов, Асыл­хан Төлепов, Дәу­рен Сер­ғазин, Арман Әшім, Ақ­болат Өтебай, Асу Ал­мабаев, Ақжүрек Таңа­та­ров, Тәуекел Мүсілім, Ай­дар Шәрібаев, Арман Қо­ңыр бар.