Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы ақмолалық полицейлер балаларды қорғауға арналған құрылғысы жоқ болса да балаларды тасымалдағаны үшін 1000-нан астам жүргізушіні жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды

2020 жылы облыс аумағында балалардың қатысуымен 109 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 144 бала түрлі дене жарақаттарын алғанын айта кету керек.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері азаматтардың автокөлік құралдарының салонында балаларды тасымалдау ережелерін сақтауын қадағалау бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді.

Өткен жылы 1000-нан астам жүргізуші арнайы балаларды ұстайтын құрылғыларсыз балаларды тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес көлік құралының жүргізушісіне балаларды ұстап тұратын құрылғы немесе көлік құралының конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдігінің көмегімен баланы ұстап тұратын өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды ұстап тұратын құрылғы болмаған кезде 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салынады.

Тәртіп сақшылары барлық автокөлік жүргізушілеріне осы мәселеге көңіл бөлуге және балаларының денсаулығы мен өмірін қорғауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар