13 Желтоқсан, 2013

Денсаулық дауасы

225 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облысқа жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «100 аурухана, 100 мектеп» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 300 кереуеттік облыстық аурухананың ашылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. Ол Елбасының халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға, денсаулығын нығайтуға ұдайы қолдау жасап отыратынын тілге тиек ете келіп, мұнда жұмыс істейтін дәрігерлердің білікті маман болулары қажеттігіне назар аударды. Әр дәрігердің өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелерге тоқталды.

Жаңа аурухананың ашылуымен құттықтаған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов өңірдің денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерді атап өтті. Ол 2013 жылы пайдалануға берілген 12 медициналық нысанға 2,7 миллиард теңге бөлінгенін, соның нәтижесінде облыс орталығында ауысымына 500 сырқат, ал Шұбарқұдық кентінде 200 ауру қабылдайтын емханалар, 9 дәрігерлік амбулатория­лар және осы 300 кереуеттік облыстық аурухана пайдалануға беріліп отырғанын жеткізді. Биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге барған 30 жас дәрігерге қомақты қаржы бөлінген.

Жаңа облыстық аурухана өзара байланысқан 4 блоктан тұрады. Ғимараттың жалпы көлемі 65 мың шаршы метрді алып жатыр. Жоба құны – 11,8 миллиард теңге. Көп са­лалы стационар облыстың ересек тұрғындарына әртүрлі аурулар және ауытқуларға қарсы кешенді түрде жоғары сапалы медициналық көмек көрсетеді. Аурухана құра­мында 20-дан астам емдеу-диаг­нос­тикалық бөлімшелер бар. Оларда емделушілер тера­пев­тік, кардиологиялық, кардио­хи­рургиялық, хирургиялық, трав­матологиялық және нефрология салалары бойынша ем ала алады. Стационар кең көлемде хирургиялық көмек көрсетуге арналған. Онда эндовидеохирургия қолданыла отырып, аз инвазивті операциялар жасалатын, операциядан кейінгі кезеңді қысқартуға мүмкіндік беретін тамыр хирургиясы, нейрохирургия бөлімшелері бар.

Аурухана әлемнің медицина техникаларын шығаратын жетекші өндіріс орындарының заманауи стандарттарға сәй­кес диагностикалық және емдеу құралдарымен жарақ­тан­ды­рыл­ған. Компьютерлік және магниттік-резонанстық томограф­тар, ангиограф, қазіргі за­манғы ультрадыбыстық ска­нер­­лер, «жасанды бүйрек», «жа­санды бауыр» аппараттары және барокамераларымен қамтамасыз етілген. Емдеу орны арнайы медициналық газ беру жүйесімен жарақталған және абактериалдық орта жағдайын қамтамасыз ететін таза бөлмелермен қамтылған. Ауруханада Еуропа елдерінде, Ресейде, Оңтүстік Кореяда білік­­­­­тілігін жетілдірген жоғары санат­тағы медициналық және ғылыми қызметкерлер жұмыс жасайды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

 «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар