Әлем • 18 Қаңтар, 2021

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті

1126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің ұлықтау апталығының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда Димаш қазақтың «Самалтау» халық әнін орындады, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті

Дәстүр бойынша салтанатты шараны бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы – Sister Cities International ұйымы өткізді. Пандемияға байланысты биыл шара онлайн-режимде өтті.

Мерекеде белгілі спикерлер мен орындаушылар сөз сөйледі, олардың ішінде: губернатор Билл Анабутти, Джозефина Биверс, генерал-майор Армандо Кабада, конгрессмен Элеонора Холмс Нортон, майор Тим Келлер, сенатор Боб Менендез, АҚШ теңіз оркестрі, Кэрол Робертсон Лопез және басқалар бар.

щ

Салтанатты рәсім кезінде Димаш қазақтың халық әні «Самалтауды» орындады. Бұған дейін АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау апталығының ашылуында қазақстандық әнші ән шырқамаған. Осы орайда Димаш Құдайберген осындай атаулы мерекеге шақырғандары үшін SCI өкілдеріне өз алғысын білдірді.