Оқиға • 18 Қаңтар, 2021

Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында полицейлерге ер адамның шабуыл жасаған видеосы әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті

Оқиға «Восход» жатақханасында орын алған. Кадрларда жас ер адамның өзіне жақындап келе жатқан тәртіп сақшысын көріп, өзіне пышақ жарақаттарын салып, полицейлерді онымен қорқытып жатқаны көрініп тұр. Сол мезетте таспа объективіне тағы бір ер адам түсіп қалды. Олар тәртіп сақшыларымен төбелесе бастады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінде оқиғаны түсіндіріп өтті. «102» нөміріне «Восход» жатақханасында екі ер адамның төбелес шығарғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонынан құралған қызметкерлер жіберілді.

Мән-жайды анықтау барысында күдікті ер адам қарсылық ретінде құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы күш қолданды.

Аталған факті Сот алдындағы тергеудің Бірыңғай тізілімінде «Тәртіп сақшысына қатысты зорлық көрсету» қылмыстық бабы бойынша тіркелген», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғыны уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды.

Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, олардың қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.