Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында өткен жылы мас күйде көлік жүргізген 558 жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, мас жүргізушілердің арасында 11 әйел бар.

«Мас күйде рульге отырған жүргізушінің бәрі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар 15-20 тәуліктік әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғанымен, мас күйінде қайтадан рульге отырған 57 жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабымен қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осы жылдың басынан бері мас күйінде көлік басқарған 18 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Оның ішінде «Toyota Land Cruiser»  маркалы автокөлігін басқарған 31 жастағы жүргізушісі де бар. Оның мас екені медициналық куәландырудың қорытындысымен анықталды. Мас жүргізуші сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды.