Оқиға • 18 Қаңтар, 2021

Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының электронды поштасына мектепте жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция өкілдері 600-ден астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады

Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов: «Барлық шұғыл қызмет дереу оқиға орнына шықты. Оқушыларды, оқытушылар құрамы мен өзге де қызметкерлер эвакуацияланды. Барлығы 600-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Арнайы бөлімше саперлері ғимараттағы жарылғыш құрылғыларды анықтау үшін тексеру жүргізді», деп айтып өтті.

Жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел іс-шараны жалғастырып жатыр.