Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінде 120 орындық «Асыл-ай» бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды

Ауыл тұрғындарын балабақшаның ашылуымен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Асқарбек Есжанов осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды бір саралап өтті.

«Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күні жалпы саны 235 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Барлық жағдайы жасалған жаңа бөбекжай-бақшаның ауылдарда да ашылып жатқаны бәріміз үшін қуаныш. Мемлекет басшысының жолдауында білімді ұрпақ болашағының жарқын болуында негізгі орын алатын балабақшалар мен мектептерде білім мен тәрбие берудің маңыздылығын айтып өткен болатын. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», - деді қала әкімінің орынбасары.

Өткен жылы «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Ақсуаттағы №143 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.