Бұған дейін қазақ жеріне саяхаттап келген Скотт Страчан есімді оқырман аталған басылымда еліміз туралы былай депті: «Біз Жаңа 2021 жылдан зор үміт күтеміз. Əлемдік вакцинация шексіз еркіндікті сезінуге мүмкіндік береді деп сенеміз. Өз басым 2019 жылы бастаған көне Жібек жолы бойындағы елдерді аралауды жалғастырамын. Қытайдағы Қашқар жерінен бастап, Алматы, Бішкек, Самарқандқа жалғасқан сапарымды осы жылы Тегеранға, сосын Бакуге барып тəмамдауды жоспарлап отырмын».
Айта кетейік, жақында Францияның Le Figaro басылымы Қазақстанды 2021 жылы саяхаттауға арналған 21 дестинация (туристердің қалауы мен сұранысына сай келу үшін жасалған қызмет түрлері мен инфрақұрылым жиынтығы) қатарына қосқан еді.