Экономиканың бірқатар секторына салқынын тигізген коронавирус пандемиясы отандық автомобиль өнеркәсібіне оң әсер етті. Қаржы секторындағы тұрақсыздықтан туындаған әлемдік дағдарыс саланы жүрісінен жаңылдырған жоқ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның автоөнеркәсібі өндіріс пен сатылым бойынша айтарлықтай өсім көрсетті.

Тұраламаған төртеудің бірі – Қазақстан
Жүзге жуық жетекші мемлекеттің автоөнеркәсібін талдаумен айналысатын NCSA – Ұлттық автомобильдерді сату қауымдастығы деген үлкен ұйым бар. Осы ұйымның сарапшылары 2020 жылдың орта шенінде әлемдік автоөнеркәсіптің жағдайы мәз емес екенін хабарлады. Сол тұста қауымдастықтың назарындағы 96 мемлекеттің 4-еуі ғана оң динамика көрсеткен екен. Бұл қатарда Қазақстан да бар. Тіпті әлемдік алпауыттар өзі тұралап жатқанда, біздің елдің алдыңғы лектен көрінгені қуанарлық жағдай, әрине. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ресми мәліметке сүйенсек, өңдеу өнеркәсібі секторында былтыр ең үлкен өсімді дәл осы автомобиль жасау саласы көрсеткен. Өсім 50 пайызды құраған. Мұны Қазақстан автобизнес қауымдастығының сарапшылары да растап отыр.
«Өткен жылы елімізде өндіріс көлемі 77 471 бірлік техникаға жетті. Бұл 2019 жылдың көрсеткішінен бір жарым есе немесе 50 541 бірлікке артық. Соның ішінде жүк автомобильдері мен автобустар өндірісі бойынша көрсеткіштердің өскені байқалады. Бұл ретте 2020 жылы отандық зауыттар шамамен 40 пайыздық өсім көрсете отырып, 5 мыңнан астам техника өндірген. 2019 жылы Қазақстанның машина жасау саласындағы автомобиль жасау секторының үлесі 26,3 пайызды құраса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 33,4 пайызға дейін өсті», деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Сарапшылар автомобиль өнеркәсібіндегі оң көрсеткіштерге Үкімет пен салалық министрліктер, отандық зауыттар тарапынан жасалған нақты қадамдар әсерін тигізді деп санайды. Атап айтқанда, өндіріске жаһандық трансұлттық инвесторлар тартылып, қолжетімді жаңа брендтер пайда болған. Сала карантиндік шектеулерге байланысты автомобильдерді онлайн сатуды енгізді. Сол арқылы өндірілген өнімдерді сату тізбегін, сондай-ақ өнімнің тұтынушыларға қолжетімділігін сақтады әрі сұранысқа сай жауап бере алды. Үкіметтің тапсырмасы бойынша автосалондарда автокөліктерді тіркеу орындары ашылды. Мұны көпшілік жақсы бағалады. Жеңілдікпен автонесиелеу және лизинг бағдарламалары да маңызды рөл атқарғаны анық.
Салаға серпіліс әкелген зауыттар
2020 жылы автоөнеркәсіп саласы жаңа зауыттармен, өндірістермен толықты. Наурызда Қостанайда Chevrolet автомобильдерінің өндірісі іске қосылды. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аталған отандық автомобильдер Қазақстандағы 2020 жылғы ең танымал, ең жылдам дамып келе жатқан брендке айналды. Осы уақыт ішінде зауыт аталған марканың 15 мыңнан астам өнімін шығарды.
Жалпы, Қостанайдағы «Сарыарқа автоөнеркәсіп» ЖШС өткен жылы елімізде шығарылған барлық техниканың 51,7 пайызын өндіргенін атап өткен жөн. 2021 жылы зауыт жаңа өндірістік желілерді орнатуға, сондай-ақ өзінің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту үшін 8,4 млрд теңге көлемінде қомақты қаржы салуды жоспарлап отыр.
Қазан айында Алматы қаласында Hyundai жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыт ашылды. Оның өндірістік қуаты бірінші кезеңде – 30 мың бірлікті, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікті құрамақ. Мұнда автомобиль шанағын дәнекерлеу және бояу операциялары игерілді, компоненттерді өндіру бойынша бірқатар келісімдерге қол қойылды. Осылайша, 2020 жылы қазақстандық тұтынушылар Hyundai маркасына ерекше қызығушылық танытты. Инвестицияның жалпы көлемі 28 млрд теңгені құрады.
Желтоқсан айында Қарағанды облысының Саран қаласында Yutong компаниясымен бірлесіп құрылған автобустар мен арнайы техника шығаратын зауыт іске қосылды. Компанияға салынған инвестициялардың жалпы сомасы – 23 млрд теңге. Кәсіпорынның жобалық қуаты жыл сайын 1 200 автобус пен электр автобустарын, сондай-ақ 500 бірлік арнайы техниканы шығаруға мүмкіндік береді. Шығарылатын көлік Қазақстанның қоғамдық көліктерін жаңарту бағдарламасын іске асыруға үлесін қоспақ. Бұл ретте жоба еліміздің білім беру мекемелерін қауіпсіз және заманауи көлікпен қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді деп күтілуде. Зауыттан шыққан алғашқы мектеп автобусын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының барысында кеншілер шаһарындағы №104 гимназияға сыйға тартқаны есімізде.
Қостанай қаласында KamAZ жүк көліктеріне арналған картерлердің арқалықтарын шығаратын және шойын құятын зауыт құрылысының бірінші кезеңінің жұмыстары аяқталуға таяу. Бұл жоба «KamAZ» жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп жасалуда. Қуаты – жылына 40 мың тонна құйма шығару.
2020 жылы жетекші көпірлердің редукторларын өндіру бойынша тағы бір жоба бекітілді. Жаңа зауыт жылына 62 мың компонент шығаруға қабілетті. Екі жоба да Қостанай қаласының индустриялық аймағында іске асырылады және «КамАЗ» ЖАҚ-тың өндірістік тізбегінде қарастырылған. Өнімнің басым бөлігі Татарстан Республикасындағы басты конвейерге жеткізілетін болады. Жобаларды іске қосу 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 160 млрд теңге.
Сонымен қатар Саран қаласындағы «Татнефть» ЖАҚ-пен бірлесіп қолға алынған шина өндіретін жаңа зауыттың іске қосылуы маңызды оқиға болары даусыз. Жоғары технологиялық өндіріс 1 100 жаңа жұмыс орнын құруға, ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге және Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Зауыт жеңіл техникаға арналған 3 млн шина және коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шина өндіруге қабілетті. Жобаға салынған инвестицияның сомасы шамамен 125 млрд теңгені құрайды.
Ортаны толтырған отандық өнімдер
2020 жылы Қазақстан шетелге 8 122 автомобиль экспорттады. Бұл 2019 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда үш есе артық. 2019 жылы 2 629 автомобиль эспортталған еді. Жалпы, бір жыл ішінде өндірілген барлық техниканың 10 пайыздан астамы шекара асырылған. Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстан елдерінде бізде өндірілген Hyundai, Chevrolet және JAC брендтеріне сұраныс жоғары.
2020 жылы қазақстандықтар 93 мыңнан астам жаңа техника сатып алған. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен (75 156 техника) 25 пайызға артық. Осы орайда елімізде сатып алынған үш автомобильдің екеуі отандық өндірістен шыққанын атап өткен жөн.
Өткен жылы Қазақстанда Hyundai, Chevrolet және Toyota брендтері ең көп сұранысқа ие болды. Ең танымал 5 брендтің 4-еуі – (Hyundai, Chevrolet, Ravon және Lada) отандық өндірістің өнімі.
Автобустардың ішіндегі ең көп сатылған бренд – Yutong. 2020 жылы Қазақстанда аталған брендтің 1 мыңға жуық автобусы мен электр автобусы сатылған.
Өткен жылы санитарлық көліктің жетіспеуі тұтас әлем бойынша өзекті мәселеге айналғанын көз көрді. Қазақстан ішкі ресурстарының есебінен аталған проблеманы жедел шешкен санаулы елдердің бірі. Отандық зауыттар 2020 жылы Үкіметтің тапсырмасы бойынша коронавируспен күресу үшін қысқа мерзімде JAC Sunray, Hyundai H350, ГАЗель NEXT, УАЗ базасында медициналық жабдықтармен толық жабдықталған 1 167 медициналық жедел жәрдем автомобилін өндірді. Бұдан бөлек, Қостанайда 12 метрлік Yutong автобусының негізінде 100 жылжымалы медициналық кешен шығарылды. Пациенттерді емханаларға тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Chevrolet DAMAS өндірісі іске қосылды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы ауыл шаруашылығы техникасын өндіру де айтарлықтай өсім көрсеткен. Отандық зауыттар 93 млрд теңгеге 6 272 техника өндірді. Өндіріс бірден 2,5 есе артқан. 2020 жылы 3 547 трактор мен комбайн шығарылды. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 120 пайызға артық. 1 048 трактор Ақмола облысында («Беларус» және «RSM»), 585-і – Қостанай зауыттарына («Lovol» және «Кировец»), 561-і Шығыс Қазақстан облысында («Беларус») шығарылған. Бір жыл ішінде елімізде 962 комбайн өндірілді. Бұл 2019 жылғы деректермен салыстырғанда 567 бірлікке артық.
2020 жылы әлемдік ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы алпауыттар – германиялық «Claas» және аустриялық «PÖTTINGER» компанияларымен келісімдерге қол қойылғанын атап өткен дұрыс.
Біз былтыр Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі саласында атқарылған жұмыстардың негізгілеріне тоқталдық. Ендігі міндет – осы қарқынды сақтау. Биыл бұл салада 100 мың техника өндіру, жұмыс орындарын сақтау және ұлғайту, шығарылатын өнімдегі экспортты және жергілікті қамту үлесін ұлғайту, салаға инвестицияларды тарту секілді міндеттер тұр.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында иісшіл иттер көмегімен 75 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар