Жуырда Ресейдің фитосанитарлық қызметі Қазақстанда өсірілген қызанақтан вирус табылды деп хабарлаған болатын. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– 2020 жылдың желтоқсан айында Ресейдің ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Россельхознадзор) «Green Capital Kazakhstan», «Green Land Alatau» ЖШС өнімдерінде қызанақ жемістерінің қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) анықталғанын, «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС өндіретін қызанақты өз елдерінің аумағына енгізуге шектеу қойғаны туралы хабарлама жіберді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті шұғыл түрде ресми тексеру ұйымдастырды, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар, сондай-ақ «Фитосанитария» РМК, «Фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ және «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ММ мамандары ПТР-талдау жүргізу мақсатында сынамаларды алу үшін «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС-де комиссиялық тексеру жүргізді. Талдау үшін Ресей Федерациясының «Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығының» жедел тесттері қолданылды. Ықтимал қателер мен келіспеушіліктерді болдырмау үшін зертханалық талдау әдістері ресейлік ұйымның мамандарымен бірге жасалды. Сараптама қорытындысы бойынша «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС өнімдерінде ToBRFV вирустары анықталмаған.
– Сондай-ақ объективтілік үшін компания өз бастамасы бойынша өнімнің сынамаларын «Groen Agro Control» тәуелсіз зертханасына (Нидерланд) жіберді. Қосымша зерттеу нәтижелері бойынша жылыжай шаруашылығында вирус анықталған жоқ. Осындай комиссиялық тексерулер «Green Capital Kazakhstan» және «Green Land Alatau» жылыжай шаруашылықтарында жүргізілді. Ол жерлерде де вирус анықталмады. Ресми тексерулердің нәтижелері ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі Федералдық қызметке хабарланды, – деп хабарлады Ауыл шаруашылық министрлігі.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Россельхознадзордың іс-әрекеті ЕАЭО туралы шарттың талаптарын өрескел бұзады және жасанды кедергі болып табылады деп есептейді. Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінуге ниетті.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі вирустарды анықтау фактілерінің дұрыстығына күмән келтірді. Себебі Россельхознадзордың Свердлов референттік орталығы 2020 жылғы 11 желтоқсанда «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС өнімі қауіпті деп қорытынды шығарған. Алайда компания 24 желтоқсанда сол партиядан сынамалар алып, Бүкілресейлік өсімдіктер карантині орталығының зертханасында қайта сараптама жүргізуді талап еткеннен кейін, аталған өнімнің тазалығын растайтын қорытынды алған.
Қазақстандық қызанақ пен бұрыш өнімдерінен вирус таралады деген ақпаратқа байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті еліміздің барлық жылыжай шаруашылықтарына және республика аумағына алып келетін қызанақтарға кешенді тексеру ұйымдастырды. Зертханалық сынақтардың қорытындысы бойынша жылыжай шаруашылықтарында вирус анықталған жоқ.
Десек те, 16 жағдайда Әзербайжаннан келген қызанақтан вирус анықталғанын айта кету керек. Қауіпті вирус жұққан қызанақ тиелген барлық көлік шекарадан жүк экспорттаушы елге кері қайтарылды.
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында иісшіл иттер көмегімен 75 қылмыс ашылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар