Асқақ арманын Алатауға таңған алматылық жастардың алдынан кесе-көлденеңдеп шығатын бас ауыртар басты тақырып – баспана мәселесі. VII шақырылымдағы мәслихаттың бірінші сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев биыл «Алматы жастары» бағдарламасымен 1 мың пәтер берілетінін айтып, талайлардың алыстағы арманын жақындатқандай болды.

Соңғы жылдары жүйелі жүзеге асып жатқан оңтайлы бағдарламалар жұмысшы жастар үшін үміт шамын жаққаны рас. Тірнектеп тапқаныңды жалдамалы пәтер иесінің қалтасына құйғаннан көрі пайыздық мөлшерлемесі төмен, біраз жылдан кейін иелігіңде қалатын өз үйіңде өмір сүрген көңілге де жұбаныш. Алматы қаласында әлеуметтік салада жұмыс істейтін кез келген жас үшін мұндай мүмкіндіктің қақпасын ашып берген «Алматы жастары 3:0» бағдарламасы іске қосылған бір жыл ішінде мыңға тарта отбасы қоныс тойын тойлады. Б.Сағынтаев бағдарлама арнасын одан ары кеңітіп, 2021 жылы тағы да мыңдаған отбасы баспана алу бақытына кенелетінін алға тартты. Әкімнің сөзінше, осы бағытта әкімдік пен «Отбасы банк» АҚ арасында талқылау жүріп жатыр.
«Былтыр банкпен біріге отырып 13 млрд теңге бөлдік. Бүгінде қала экономикасының әр саласында еңбек етіп жатқан 1 мыңға жуық жас осы бағдарламамен пәтер алды. Биыл да осыны жалғастырамыз. Инфляцияға байланысты нарықта пәтер қымбаттап барады. Соған орай несие көлемін 18 млрд теңгеге жеткізіп отырмыз. Биыл да 1 мың пәтер беріледі. Бұл «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларынан тыс жүзеге аспақ», деді қала басшысы.
Еске салсақ, «Алматы жастары 3:0» бағдарламасы 35 жасқа дейінгі әлеуметтік сала қызметкерлерін қолдауға бағытталған. Олардың сапында – мұғалімдер, дәрігерлер, ЖОО оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар бар.
Тұтас ел көлеміндегі студенттердің тең жартысын қамтитын шаһарда жатақхана жайы да түйіткілді мәселенің бірі. Әкім бұған дейін 25 жоғары оқу орнының аумағында 16 мың орынға арналған 38 жатақхана, сонымен бірге екі колледжде 600 адамға шақталған студенттер үйі салынатынын тілге тиек еткен. Аталған жоспар ойдағыдай жүзеге асар болса, он мыңдаған шәкірт баспана жалдап бас қатырмас еді.
Биыл болашағы үшін қор жинасам дейтін жастар үшін де ақжолтай жаңалықтың шеті шықты. Бұған дейін қалада кең өріс алған жалға алу бағдарламасымен 5 мыңға тарта жұмыскер жас баспаналы болуы бек мүмкін. 8,4 мың көп пәтерлі тұрғын үйі бар Алматы елдегі тұрғын үй қоры ең бай қала екенін атап өткен жөн. Десе де күн санап аумағы ұлғайған мегаполисте баспана кезегі қарқындап өсіп келеді. Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр.
АЛМАТЫ
Руханият • Кеше
Демографиялық дүмпу: Себеп не, болжам қандай?
Қоғам • Кеше
Синтетикалық есірткі таратқан алты дүкеннің жолы кесілді
Аймақтар • Кеше
QR-төлемдер ХҚКО-дағы кезек санын азайта ма?
Бағдарламалар • Кеше
Оқиға • Кеше
Жаңа Зеландияда Қазақстанның консулдығы ашылды
Оқиға • Кеше
Коронавирустың жаңа түрі анықталды
Әлем • Кеше
Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
ҚТЖ жұмысшыларының жемқорлығы үшін басшылығы жауапқа тартылды
Қазақстан • Кеше
Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылмаса не болады?
Экономика • Кеше
Таразда танымал түлектердің кездесуі өтті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жолда қалған 63 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында 169 жолаушы қар құрсауынан құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Француз бизнесі алматылықтармен ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Қазақстан • Кеше
Алматының еріктілері қарт адамдарға қар тазалуға көмектесті
Аймақтар • Кеше
Атырауда 477 мың теңгенің мүлкін ұрлағандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы • Кеше
Ақмолада «Екатеринбург-Алматы» тас жолы ашылды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда жылу жүйесі қатып қалды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жаңа кен орны табылды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Павлодарда ер адамды пойыз басып кетті
Аймақтар • Кеше
Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіне - 25 жыл
Экология • Кеше
Ел қорғаған ердің есімі жаңғырды
Руханият • Кеше
Қоғам • Кеше
2020 жылы қанша мүгедек жан жұмыс тапты?
Қоғам • Кеше
«Сасыған сай» бойынша экологиялық мәселе осы жазда шешіледі
Экология • Кеше
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын қалай арттырамыз?
Қоғам • Кеше
Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады
Парламент • Кеше
2021 жылы көлік сатылымы былтырдан да асып түсе ме?
Экономика • Кеше
Екібастұзда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
Руханият • Кеше
Мемлекет берген қаржыға бизнес бастап кетуге бола ма?
Экономика • Кеше
Бүгін елордада мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар